Воспитательная работа
28.03.2024ж. М.О.Әуезов Атындағы Педагогикалық Колледжінде қазақтың жалынды жазушысы, дарынды драматург, білікті ұстаз, мемлекеттік қайраткер, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, Қазақстан Жазушылар Одағының негізін қалаушы Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына арналған «Сәкен – жырдың сарқылмас дариясы» атты колледжішілік «Сәкен оқулары» көркемсөз байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – колледж білім алушыларына Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин мен Ілияс Жансүгіровтің шығармаларын насихаттау. Білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын дамыту, поэзия оқуға құштарлығын арттыру, ақын шығармалары арқылы білім алушылардың көркемсөз оқу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.
Байқаудың нәтижесі:
І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН Ешенова Еркеназ Шт 23-09-01 тобы;
ІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН Қанағатова Ақерке Шт 22-09-02 тобы;
ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН Махабекова Меруерт БББ 23-09-01 тобының студенттері марапатталды.