Оқу үрдісіТәрбиелік жұмысХабарландырулар
1 қыркүйек – Білім күні. Бүгін 2023-2024 оқу жылында Алаштың тұңғыш білім ордасының 120 жылдығы қарсаңында колледжге алғаш қадам басқан 1 курс студенттеріне арналған салтанатты жиын өтті. Колледж есігін алғаш ашып отырған 300 студент үшін бұл күн – болашақ мамандық алуға жасап отырған алғашқы қадам, жаңа бастамалар мен ұмтылыстар, өзін-өзі таныту мен дамыту мүмкіндігі. Олардың алдарында еліміз үшін өзекті болашақ мамандар ретінде білімнің жаңа қырларын игеру міндеті тұр.
Шара барысында ІІ дәрежелі Барыс орденінің кавалері, филология ғылымдарының кандидаты, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері колледж директоры Шағангүл Алдамжарқызы І курс студенттерін құттықтап, қадамдарына сәттілік тіледі. Жиын қонағы, Абай облысы мәслихатының депутаты, өңірімізге белгілі мецанат, кәсіпкер Қойгельдин Ержан Тұрсынханұлы жас ұрпаққа артылар үміт пен міндетті ақтар, білімді де білікті маман болыңдар деген тілекпен І курс студенттерін құттықтады.
Жан-жақтан келген І-курс студенттеріне, жиынға қатысушы ата-аналарға оқу ордасының ішкі тәртібі, бөлім меңгерушілері және топ кураторлары таныстырылды. Темір жол желілік инспекциясының маманы М.Алашкан темір жол бойында жүру ережелерімен таныстырып, қауіпсіздік техникасымен таныстырды.
Сонымен қатар, барлық топтарда «Ата Заң – тұрақтылық пен даму кепілі» тақырыбында куратор сағаттары өтті.