М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің әкімшілігі, оқытушылары және студенттері бүгін ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын тыңдады.
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті Қазақсанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында жас ұрпаққа білім беру және тәрбиелеу жолында «Дарынды әрі ойы ұшқыр, яғни креативті азаматтардың өз әлеуетін толық ашуына жағдай жасауымыз керектігі» айтылды. Сонымен қатар, «Абайдың «Толық адам» ілімінен бастау алатын «Адал азамат» тұжырымдамасының түпкі мәні – осы. Әділетті Қазақстан және Адал азамат ұғымдары егіз құндылық ретінде әрдайым қатар жүруге тиіс»- деген Мемлекет басшысының пікірі, колледж мамандарының алдына оқу мен тәрбие саласында жаңа міндеттерді айқындап, нақты бағдар берді. Президент ел дамуының барлық саласын қамтыған Жолдауында нақты міндеттер мен айқын мақсаттарымыз туралы кеңінен айтты.