Елбасының “БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ” бағдарламасы аясында заңғар тұлға Ж.Аймауытовтың өнегелі өмір жолы мен мол мұрасын колледж студенттеріне насихаттап, мұғалімдер семинариясында 1914-1919 жылдары оқыған түлегінің талантына тағзым ету мақсатында өткен тәрбие сағатында Жүсіпбек Аймауытовтың көп қырлы тұлға екендігі дәлелденіп, жеті қырын ашуға талпынды. Топ студенттері тәрбие сағатына дайындалу кезінде Алаш мұражайындағы, Колледж мұражайындағы мәліметтермен танысып, Жүсіпбек Аймауытов атындағы N 318 атаулы дәрісханадағы кіші ғылыми-зерттеу орталығының мүшелерімен сұхбат жүргізу барысында көптеген материалдар жинақтады. “Қартқожа”, “Ақбілек”, “Елес” шығармаларынан монологтар оқылып, Ж.Аймауытов сөзіне жазылған “Алаш маршы” әнін орындалды. “Ақбілек” романы бойынша эстафета ұйымдастырылып, қала мектептерінің оқушылары белсене қатысты.Тәрбие сағатында ата-анамен байланыс жұмысы да жолға қойылып, топ студенті Ахметова Нұршаттың әкесі “Әміре Қашаубаев атындағы филормонияның” дәстүрлі әншісі Ахметов Мейрамбек “Қызыл бидай” әнін шырқады. Н.Ә.Назарбаевтың “Бабаларын қалтқысыз қастерлей білген халық балаларың болашағын да қапысыз қамдай алмақ”деген сөзі бар. Ұлы тұлғаларымыздың жарқын істерін насихаттау – тіл мен діліміздің, тәуелсіздігіміздің мәңгілік болуының басты кепілі.