28.04.2022 күні «Ғаламды жаулаған интернет» тақырыбында, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамыған заманында, бүкіләлемдік өрмек болған интернеттің пайдалы және зиянды тұстарын түсіндіру мақсатында “М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі” КМҚК, “Бастауыш білім беру” бөлімінің 31-топ студенттері ашық тәрбие сағатын, көрермендерге ерекше үлгіде көрсетті.
«Мәселе» бағдарламасында «Ғаламды жаулаған интернет» тақырыбы қозғалып, қазіргі білім беру жүйесіндегі интернетті қолданудың маңызын көрсетуге негізділген оқытушының видеотүсірілімі көрсетілді. Сонымен қатар, қоғамда орын алып жатқан ғаламтордың рөлін анықтауға бағытталған көрініс көрсетіліп, заңгер және психолог мамандарымен талқыға түсті.
Колледж оқытушылары және студенттерінен әлеуметтік желіге қаншалықты тәуелділігін анықтау үшін сұхбат-сауалнама алынды.
Нәтижесінде, ХХІ ғасыр компьютер заманы болғанымен, қайталанбас уақытты ғаламтордың пайдалы жақтарын меңгеріп, қолдануға жұмсау туралы ой саларлықтай түрлі ақпарат көздерін көрермендер назарына ұсынды.