14 сәуір күні білім ордасында «Адамдық борышың – халқыңа еңбек қыл» атты қалалық көркемөнепаздар байқауы өтті. Алаштың тұңғыш білім ордасының 120 жылдығына орай ұйымдастырылған шара күйші Құрманғазының 200 жылдығына, ақын, жазушы, филосов, композитор Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына, Алаш қозғалысының мүшесі, поэзия әлеміндегі жарық жұлдыз Мағжан Жұмабаевтың және қазақ тарихында ой-санасы ең қырағы, ең қанатты, ең қазыналы қайраткер ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жылдығына, жерлесіміз әнші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Болат Күнтуұлы Сыбановтың туғанына 85 жыл толуына арналды.
Колледж көркемөнерпаздарының өнерін байқау төрайымы М.К.Утуленова, қазылар алқасының мүшелері көркем сөз жанры және ұйымдастыру жұмыстары бойынша Ж.Е. Оразов, хореография жанры бойынша М.В.Ляпина, сахналық көрініс бойынша Р.Қ.Асылов, эстрадалық әншілер, жеке орындаушылар бойынша Н.М.Тутунов, жүргізушілер, сахна мәдениеті бойынша Р. Алпысбаевтар бағалады.
Байқау барысында ерлер хоры, қазақ хоры, вокалдық топ, соло, трио, домбырашылар оркестрі, баянистер, ВИА, фольклорлық-этнографиялық ансамбль, академиялық вокал, эстрадалық вокал, көркемсөз және сахналық қойылым жанрлары бойнша өнерлер көрсетілді.
М.Жұмабаевтың 130 жылдығына орай «Ес-Аймақ» жастар театры (жетекшісі И.Ф.Азизов) қойылымының басты рөлін -Мағжанның рөлін сомдаған И.Асланбекұлына колледж басшысы, ф.ғ.к. Жанаева Шағангүл Алдамжарқызы ерекше алғыс білдірді.
Байқау қорытындысы бойынша өнерпаздар Диплом және мадақтамалармен марапатталды. Баянистер ансамблі (жетекшісі А.Б.Төлеуханов) мен «Сөз құдіреті» көркем сөз үйірмесі мүшелері (жетекшісі Г.К.Қасымжанова) гала-концертке жолданама алды.