Өскемен жоғарғы политехникалық колледжінде өткізілген «Техникалық және кәсіптік білім берудің педагогикалық тәжірибесі» атты аймақтық педагогикалық конференцияға М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінен 14 оқытушы қатысып, іс-тәжірибелерімен алмасты. Үш секцияға бөлінген аймақаралық конференцияда колледж оқытушылары ағылшын тілінде ауызша сөйлеуге үйрету жолдары, шетел әдебиетінде СТО технологиясын енгізу, мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбие, студенттер білімін бақылау мен бағалаудағы мотивация тәсілдері, оқу орынының дәстүрлі іс-шаралары, инклюзивтік білім беру, көптілділік-жеке тұлғаның қалыптасуы, сауат ашу сабақтарында ІТ қолдану, виртуалды аудитория арқылы білім беру сынды колледжде атқарылатын іс-шаралармен таныстырып, үздік жұмыстарын ұсынды