14.10.2019 ж. М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) тапсырмасына сәйкес «Адалдық сағаттары» өткізілді. Адалдық сағаттарына «Казачья культура. Иртышская вольница» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Кисилев Василии Фетотович пен «Нұр Отан» партиясының өкілі Сагимбеков Нұржан Әшімұлы қатысты. Адалдық сағаттарына колледждің бірінші курс студенттері мен оқытушылары қатысып, көкейде жүрген сұрақтарын қойып, пікір алмасты. «Адалдық сағаты» қонақтары студент жастарды жемқорлыққа қарсы іс-шара жұмыстарымен таныстырды.