Әдістемелік қызметХабарландырулар

2020 жылдың 19- маусымда Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық

колледжінде Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған «Абай мұрасы және қазіргі білім беру» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өтті.

Конференцияға қатысқан Башқұртстан, Қырғызстан, Ресей ғалымдары Абай мұрасын әлем жастарының тәрбиесіне, білім беру үрдісіне кіріктірудің маңыздылығына тоқталды. Конференциясының жұмысына еліміздің әр түрлі оқу орындарынан 300-ге тарта педагог қатысты.

Халықаралық конференцияның пленарлық мәжілісінде колледжіміздің директоры, ф.ғ.к., Қазақстан ПҒА корреспондент мүшесі Ш.А.Жанаева «Абай тағылымы  болашақ маман тәрбиесінде» тақырыбында баяндама жасады. Қазақтың бас ақыны  Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай атқарылып жатқан іс-шаралардың оқу орнында даярлап жатқан болашақ мамандарға ой салатын, ұрпағымыздың санасының көкжиегін кеңейтіп, тәрбие-тағылым алатындай маңызды, мағыналы, кәсіби тұлғалануымен ықпалдастыра ұйымдастырылуда екенін, Абайды тану, Абай мұрасын насихаттау ХХ ғ.б. бастау алып, күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай жасалған халықаралық деңгейде ұйымдастырған іс-шара үшін   Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі ұжымына алғысын білдірді.

АБАЙ ТАҒЛЫМЫ БОЛАШАҚ МАМАН ТӘРБИЕСІНДЕ