Семей қаласы М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Қазақстан тарихы» пәнінен техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі оқу орындарының студенттері арасында Н.Ә.Сағымбековтың, Ә.Ә.Жұмағұлованың (М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі») К.Т.Кельдыбаеваның («Жақия Шайжүнісов атындағы электронды колледжі»), Ж.Г.Жарылгасинованың («Электротехника колледжі») ұйымдастыруымен қалалық олимпиада өткізілді.
Олимпиада жұмыстарына Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Мукатаева Зауре Кадырбаевна, Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінің “Семей аймағының тарихы” бөлімінің жоғары дәрежелі маманы Тортенова Гульнур Шалатайқызы, Қоғамдық ғылымдар негіздері пәні оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің төрағасы Сағымбеков Нұржан Әшімұлы төрелік жасады. Олимпиадаға белсене қатысып, білімі мен зияткерлік қабілеттерін көрсетіп, ең көп ұпай жинаған қатысушылар дипломдармен марапатталды.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша: «Жоғары гуманитарлық- заң және техникалық колледжі» мекемесі, Камалхан Жасұлан І орын; «Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК, Оспанова Диляра Русланқызы ІІ орын; «Авиценна» жоғары медициалық колледжі, Бекбаева Алинура ІІІ орын иеленді.
«Семей» колледжі» мекемесі, Нұрбол Тілеуберді «Үздік талпыныс»; «Геологиялық барлау колледжі», Балтабеков Қуат, “Парасатты пайым” номинацияларымен марапатталып, барлық қатысушылар мен жетекшілеріне сертификаттар табысталды.