2021 жылдың 24 желтоқсан күні Семей қаласы М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде «Әлеуметтік-экономикалық» пәндік әдістемелік комиссиясының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Семей қаласының жалпы орта білім беретін мектептің 9-сынып оқушылары арасында Қазақстан тарихы пәнінен қалалық олимпиада өтті. Олимпиадаға Семей қаласының 24 мектебінен 38 оқушы келіп қатысты.
Олимпиада жұмыстарына М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі директордың ғылыми-әдістемелік істері жөніндегі орынбасары Боленбаева Алия Каримовна, Әлеуметтік-экономикалық пәндік әдістемелік комиссия төрағасы Мұқанов Төлеуғазы Камалұлы мен қоғамдық пәндер оқытушылары Битолеуова Эльмира Даулетжановна, Бажакупова Мадина Бауыржанқызы, Асқаров Данияр Мейренбайұлы төрелік жасады.
Қалалық олимпиада екі турдан тұрды.
І тур – тест шешу; Барлығы 25 сұрақ берілді. Тест тапсырмасында бір ғана дұрыс жауапты белгілеу қажет. Тест тапсырмасының жоғары балы – 25 балл. Тапсырманы орындауға 25 минут бөлінді.
ІІ турға жоғары балл жинаған 7 қатысушылар жіберілді.
ІІ тур 2 кезеңмен өткізілді:
1-кезең. «Тарихи оқиға: дерек және дәйек». Оқушылар деректер мен дәйектерді пайдаланып, мәтінде берілген оқиғаны анықтау керек (оқиғалардың хронологиялық шегі: Қазақ хандығының құрылу кезеңінен – Қазақстанның тәуелсіздігін алғанға дейінгі кезең).
2-кезең. «Тұлғаны таны» Қазақстанның саяси-қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық, рухани дамуына үлес қосқан қайраткерлер (хронологиялық шегі: Тәуелсіз Қазақстан кезеңі).
ІІ турда жоғары балл – 20 баллмен бағаланды.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша: Назарбаев Зияткерлік мектебі, Болатов Мәди (жетекшісі – Исабай Айқын Мағжанұлы) І орын; «№3 арнайы мектеп-интернаты» КММ, Еркінов Әлібек (жетекшісі – Шаймарданова Толкын Кадылхановна) ІІ орын; «№ 31 ЖОББМ» КММ, Кажикенова Камилла (жетекшісі – Нысанбаева Гаухар Канатовна) ІІ орын, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 47 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, Шотбаков Нұрсұлтан (жетекшісі – Сарина Назигуль Уразгалиевна) ІІІ орын; Назарбаев Зияткерлік мектебі, Еркинова Алима (жетекшісі – Исабай Айқын Мағжанұлы) ІІІ орын, «№26 ЖОББМ» КММ, Бласбаева Ақнұр (жетекшісі – Каримова Гульнур Толеугазиновна) ІІІ орын, «№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі» КММ, Стал Нұрсауле (жетекшісі- Букашев Нұржан Слямбекович) ІІІ орын иеленді. Олимпиадаға белсене қатысып, білімі мен зияткерлік қабілеттерін көрсетіп, ең көп ұпай жинаған қатысушылар дипломдармен марапатталды. Барлық қатысушылар мен ғылыми жетекшілеріне сертификаттар табысталды.