Тәрбиелік жұмыс

Бүгін, 7 сәуір күні М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде «Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» ұранымен студенттерімізді салауатты өмір салтын ұстануға және өз денсаулығына ортақ жауапкершілікпен қарауға шақыру, адам ағзасына қауіпті емес немесе сапалы да құнарлы тағамдарды қолдануды насихаттау мақсатында дүниежүзілік денсаулық күні аталып өтті. Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында колледж медбикесі А.Е.Идыришева «Денсаулық – адам өмірі үшін ең басты құндылық» екенін айтып, кеңестер беріп, флаерлер таратты және әр студентті өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырды.