5-желтоқсан – халықаралық волонтерлер күні қарсаңында М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің Y-PEER ресурс орталығы мен «Мейірім» волонтерлер ұйымының волонтерлері 04.12.2020ж. күні ШҚО колледждерінің студенттері арасында өткен облыстық ТжКББ жүйесіндегі басқа да волонтерлік ұйымдар мен клубтар арасында тәжірибе алмасуға жағдай жасаған «Абай тағылымы» атты облыстық волонтерлер слетіне қатысты. 05.12.2020ж. күні «Y-PEER» ресурс орталығының ұйымдастыруымен ZOOM қосымшасында «Волонтер деген кім?» деген тақырыпта 1-курс студенттеріне тренинг өткізіліп, волонтерлердің қайырымдылық жасау арқылы басқаға үлгі көрсете отырып, қоғамға үлкен септігін тигізетіндіктері айтылды. Және де «Мейірім» волонтерлер ұйымының координаторы Жаманқұлова Талшын «Y-PEER» ресурс орталығының экс-координаторы Ақылбекова Мадинамен «Еріктілік-жүрек қалауы» тақырыбында инстаграм парақшасында тікелей эфирде онлайн кездесу өткізді. Эфир барысында еріктілік қызметтің жастардың өз белсенділігін көрсетіп қана қоймай, тәжірибе жинауға, өмірлік маңызды дағдыларды дамытып, әлемді жаңа қырынан көруге мүмкіндік беретіндігі айтылды.

Бүгінгі халықаралық волонтерлер күнімен барлық волонтерлерді құттықтай отырып, алдағы уақытта да оқу орнымыздағы волонтерліктің маңызы артып, еріктілердің қатары көбейе түседі деп сенеміз. #Бізбіргеміз