120 жылдық тарихы бар Алаштың тұңғыш білім ордасында 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай дәстүрлі «Қолдан жасалған қасірет» атты лездеме өтті.
Жазықсыз саяси қуғын сүргін құрбандарына айналған тұлғалар, Ә.Ермеков, М.Тұрғанбаев, Х.Ғаббасов, Қ. Нұрмұхамедұлы, Ж.Аймауытов, Б.Сәрсенұлы, т.б. есімдері М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжімен тығыз байланысты.
І курс студенттеріне арналған лездеме барысында оқу орнында Шағангүл Алдамжарқызының бастамасымен дүниеге келген «Тағзым» бағдарламасы аясында Алаш қайраткерлерінің өнегелі өмір жолынан ақпараттар беріліп, азапты жылдардың қасіретін көрсететін қойылым қойылды.
Тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Кәрімов Мұхтарбек Қарпықұлы Алаш қозғалысы, сол мезгілдегі көтерілістер туралы тың ақпараттармен бөлісіп, Алаш арыстарының рухына арналған танымдық шара үшін алғыс білдірді.