Қаламызда 31 мамыр, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні – Алаш көсемі Әлихан Бөкейханов ескерткіші маңында, М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің қатысуымен өткізілді. Бұл күн оқу орынында колледж директоры, ф.ғ.к. Жанаева Шағангүл Алдамжарқызының бастамасымен дәстүрлі түрде аталып өтіліп келеді. Лездеменің мақсаты: ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру, Жас буынға саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінің маңызын түсіндіру, тарихтан тағылым алуға, өткенге тағзым етуге тәрбиелеу, қасіретті кезеңнің құрбаны болған қазақ зиялыларының есімдерін құрметтеуге, ұмытпауға тәрбиелеу.
Қала тұрғындарының назарына: «Елім-ай» әдеби-музыкалық композициясын, «Ұлт жадынан ұмытылмайды» атты әдеби монтаж С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлиннің 125 жылдығына арналған «Уақыт үні» театрланған көріністерді дайындап, ұсынған 201, 202, 203, 204, 205, 206 топтары және топ жетекшілері Н.А. Сербурина, Г.Қ. Қасымжанова, Г.Қ.Сарсекова, А.С. Маметекова, А.А. Ибрагимова, Б.С. Сәрсенбаевтарға алғыс білдіреміз!
1997 жылы 5 сәуір күні 31-мамырды «Ашаршылық және репрессия құрбандарын еске алу күні», – деп белгілеген ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы: «Біз бәріміз бірге көптеген сынақтарға төтеп бердік, шынықтық және нығайдық. Біз өзіміздің бүкіл тарихымызды көз көрмеген, даму қарқынына қол жеткіздік. Біздің халқымыз бұған дейін ешқашан дәл бүгінгідей жақсы өмір сүрген емес» деген болатын. Тәуелсіз елдің бүгінгілері жазықсыз жазаланып құрбан болған арыстарымыздың рухына тағзым етеміз!