СҰЛУ ҚЫЗ, АРУ ӘЙЕЛ, АСЫЛ АНА
8-наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай ер азаматтар қауымының ұйымдастыруымен М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде «Сұлу қыз, ару әйел, асыл ана» атты мерекелік кеш өтті.
Колледж директоры, филология ғылымдарының кандидаты, ІІ дәрежелі «Барыс» орденінің иегері Жанаева Шағангүл Алдамжарқызы ұжым аруларын мерекемен құттықтай отырып, 8 наурыз мерекесіне орай ұзақ жылдар бойғы мінсіз қызметі, сапалы әрі саналы мамандарды даярлау ісіне қосқан зор үлесі үшін қызметкерлерді марапаттады.
Ер азаматтар ұжымның нәзік жанды аруларын көктемнің жүректерге жылу берер мерекесімен құттықтап, қуанышқа бөледі. Аруларымызға арналған жыр шумақтары мен әсем әндер шырқалды. Кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен мерекелік дастархан жайылды. Көңілге көктем шуағындай сезім мен нұр құятын көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Аруларға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.