ДИПЛОМАЛДЫ ІС-ТӘЖІРИБЕГЕ ДАЙЫНДЫҚ
Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде 29.12.2022 ж. – 10.01.2023 ж. күндер аралығында іс-тәжірибе бөлімінің жоспарына сай «Бастауыш білім беру мұғалімі», «Қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі”, “Дене тәрбиесі және спорт мұғалімі”, «Спорт жаттықтыру оқытушысы», “Шетел тілі пәнінің мұғалімі”, «Музыкадан мектепке дейінгі және негізгі орта білім беретін ұйымдар мұғалімі», “Орыс тілі және орыс әдебиеті мұғалімі”, “Аудармашы” біліктіліктері бойынша оқып жатқан 4 курс студенттерінің дипломалды іс-тәжірибеге дайындық барысын қадағалау, байқау іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараға алдын ала тағайындалған сараптау комиссия мүшелері, дипломалды іс-тәжірибе жетекшілері, тәжірибелі оқытушы –әдіскерлер қатысты.
Тексеру барысында әр топ студенттері өз мамандықтары бойынша оқу бағдарламалары, әдістемелік құралдар, сабақ жоспарлары, сабақтың дидактикалық материалдары мен көрнекіліктерден тұратын портфолиосымен таныстырып өтті.
Сондай-ақ, студенттер сабақтарында қолданатын цифрлық ресурстарды (learningapps, PADLET, Bilimland, Kahoot және т.б.), интербелсенді ақпараттық оқыту технологияларын пайдаланып, сабақтың мақсатына жетуде, оқушылардың іс-әрекетін белсендіру және қызықтыру мақсатында «Ойын», «Проблемалық оқыту», «Деңгейлеп саралап оқыту», т.б. әдістерін кеңінен пайдаланатындарын көрсетті.
Нәтижесінде, дипломалды іс-тәжірибесін өтуге бітіруші топ студенттері жақсы дайындықтарын көрсетіп, сараптау комиссия мүшелерінің шешімі бойынша «Талапқа сай» даярланған деген бағаға ие болды. Студенттерімізге дипломалды іс-тәжірибеден сәтті өтулеріне тілектеспіз!