21.12.2022 ж. күні М.О.Әуезов Атындағы Педагогикалық Колледжі “Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі” біліктілігінің 4-курс, 46 топ студенті Нұрғалиева Ақмарал қаламыздың «№8 ЖОББМ» КММ 5 «А» сыныбына қазақ әдебиетінен “Ы.Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады?». Өмірді өзгерткен кеңес” тақырыбында ашық практика өткізді.
Әдіскер: Нугумарова Л.Н. Пән мұғалімі: Айтказина А.С.
Машықкер сабақты психологиялық ахуалмен бастап, «Суреттер галереясын» көрсету арқылы оқушыларды сабаққа бағыттады. Flippity бағдарламасында топқа бөлді.
Оқушылар топтық жұмыс жасай отырып, тақырыптың мәнін өз беттерімен меңгерді және өз-өздерін әділ бағалай алды.
Ақмарал топтық тапсырмаларда “Хикая картасы”, кесте (кейіпкердің образын ашу), Classroomscreen тақтасын (уақытқа есептеу, кері байланыс), үй тапсырмасын сұрауда “wordwall.net/” бағларламасын (ұяшықтарды таңдау) қолданды.
Ашық сабаққа қатысқан сынып сыныптастарымен ынтымақтастықта отырып, қарым-қатынас жасауға, берілген тапсырмаларды ұсынып және қорғауға, барынша белсенді қатысты.
Топтық жұмыс барысында сөз саптау еркіндігі, бір-бірін тыңдау, ұйымшылдық, шығармашылық белсенділіктері артты.