15-ҚАРАША “ЖҰМЫС БЕРУШІ КҮНІ”
2022 жылдың 15 қарашасында М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде кадрларды даярлау сапасын арттыруда жұмыс берушілермен одан әрі тиімді өзара іс-қимыл жасау мақсатында «Жұмыс беруші күні» аталып өтті.
«Жұмыс беруші күніне» дуальды оқыту жүйесі бойынша әлеуметтік серіктестеріміз – «Айналайын», «Балапан», «Нұрсәуле», «Erudit» балабақшаларының басшылары мен педагогтері қатысты.
Іс-шара өту барысында әлеуметтік серіктестер Н.Құлжанова атындағы «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзіреттілік алаңымен және атаулы кабинеттердегі кіші ғылыми-зерттеу орталықтарының жұмысымен танысты. Мамандықтар көрмесінде жұмыс берушілер 2022-2023 оқу жылының түлектерімен сұхбаттасты. Сұхбат алаңында ТжКББ жүйесінде кадрларды даярлаудың өзекті мәселелері (академиялық дербестік шеңберіндегі өзара әрекеттесу, дуальды оқыту жүйесіндегі ынтымақтастық) бойынша пікір-алмасу өткізілді.
Іс-шара соңында білікті маман даярлауда зор үлес қосқандары үшін колледж әкімшілігі атынан балабақша басшылары мен педагогтеріне Алғыс хаттар табысталды.
Педагогикалық іс-тәжірибе қорытындысы бойынша түлектерді жұмыспен қамтып, жас мамандардың шыңдалуына мүмкіндігінше жағдай жасап келе жатқан мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары: “Айналайын” балабақшасының директоры – Айгүл Туляутайқызы Тұтқышева, “Нұрсәуле” балабақшасының меңгерушісі – Қымбат Болатбекқызы Болатбекова, “Erudit” балабақшасының меңгерушісі – Ғалия Нұрахметовна Оспанова, “Арман” балабақшасының меңгерушісі – Бақыт Абылқасымовна Каштековаларға алғысымызды білдіреміз!
Құрметті жұмыс берушілер, Сіздерді Жұмыс беруші күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ынтымақтастығымыз нығая берсін!