Хабарландырулар
Сапалы да, білімді мамандар даярлаудың бір жолы – кәсіптік бағдар беру. Негізгі мақсат мектеп оқушыларына оқу орнындағы мамандықтарды, олардың ерекшеліктерін таныстыра отырып, дұрыс таңдау жасауға бағыттау.
6 ақпан күні, Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебі басшылығының ұйымдастыруымен, ЖОО және колледждердің қатысуымен, “Болашаққа бағдар” тақырыбында кәсіптік бағдар беру жұмысы өткізілді.
Шараға 9,10, 11-сынып оқушылары және ата-аналары қатысты. Мектеп оқушыларына колледждің педагог-ұйымдастырушысы Б.С.Калиева оқу орнында даярлайтын мамандықтар туралы толық ақпарат таратып, оқушылар мен ата-аналарды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.