Бүгін, М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі және Орал қаласындағы “Жаһанша Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі” Студенттік Парламенттерінің арасында бейнекездесу өтті. Алаштың тұңғыш білім ордасының 120 жылдығы мен “Жаһанша Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің” 100 жылдық мерейтойы аясында алдағы уақытта онлайн шаралар ұйымдастыру жөнінде пікір алмасу жүргізілді.
Кездесу соңында колледждердің тарихын, онда білім алған тұлғаларды таныстыру мақсатында бейнебайланысты жүйелі жүргізіп отыру жоспарланды. Мерейтой барысында ұйымдастырылатын іс-шаралардың мақсаты мен маңызын таныстыру бағытында бейнебайланыс күндері белгіленді.
Еліміздің Шығысы мен Батысындағы педагог мамандарды даярлайтын тарихы терең, мақсаты бір оқу орындарын баршаға таныстыру жұмыстары алдағы уақытта өз жалғасын табады.