24.10.2022 күні Республика күні қарсаңында М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі оқытушылары мен жұмысшы – қызметкерлеріне арналған салтанатты жиын өтті. Жиын барысында колледж директоры Шағангүл Алдамжарқызы және ардагер ұстаз Майра Шәкенқызы колледж ұжымын ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Сонымен қатар, колледж директоры Республика күні қарсаңында М.О.Әуезовтің 125 жылдығы аясында ұйымдастырылған “ӘУЕЗОВ ӘЛЕМІ” республикалық – шығармашылық фестивалінің жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан оқытушылар мен жұмысшы-қызметкерлерді алғыс хатпен марапаттады.
Салтанатты жиын мерекелік концертке ұласты. Концерт көрермендерге мерекелік, тамаша көңіл күй сыйлады.