Хабарландырулар

021 жылдың 5 наурызы күні ШҚО білім беру басқармасы, М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж әкімшілігі, әдіскерлері,  Жарма ауданы білім бөлімі өкілдері және білім беру мекемелері басшыларының қатысуымен «Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт» жобасы аясында әзірленген оқушылардың оқу сауаттылығын дамытудың облыстық кешенді жоспарына сәйкес «Мектеп оқушыларымен волонтерлық жұмыс» тақырыбында онлайн-кездесу өтті. Кездесуге «Жарма ауданы білім бөлімі» КММ, «Аршалы орта мектебі» КММ, «Васильковка орта мектебі» КММ, «Н.Крупская атындағы орта мектеп» КММ, «Маяковский атындағы орта мектеп» КММ, «Жамбыл атындағы орта мектеп» КММ, «Б.Турсынов атындағы орта мектеп» КММ, «Т.Хасенұлы атындағы орта мектеп» КММ, «К.Шакенов атындағы орта мектеп» КММ әкімшіліктері мен мұғалімдері   қатысты.

Кездесуде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.Қ.Аймағамбетовтің тапсырмасы бойынша Семей қалалық білім бөлімі және қала мектептерімен келісілген үшжақты меморандум негізінде колледждің «Бастауыш білім беру» мамандығында оқитын студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру мақсатында волонтерлық жұмыс екі жыл көлемінде Семей қаласының 8 мектебінде  жүргізіліп отырғандығы және бұл жұмыс пандемия кезіндегі қашықтан оқыту кезеңінде де нәтижелі,   сапалы жалғастырылып келе жатқандығы туралы айтылып, Жарма ауданы мектептерімен де осы жұмыс «Негізгі орта білім беру» мамандығы білімалушы студеттерімен жалғасын табатындығы туралы айтылды.

Бұл бастама колледж әдіскерлері, мектеп мұғалімдері және ата-аналар тарапынан қолдау тауып отыр. 5-8 сыныптарында оқитын мектеп оқушыларына қазақ тілі және әдебиет, орыс тілі және әдебиет, шет тілі және информатика пәндері бойынша сонымен қатар бастауыш сынып оқушыларына көмек көрсету жұмыстары жалғасады. Студенттердің және мектеп оқушыларының бос уақытына  сәйкестендіріле отырып кесте құрылады.  Білім және ғылым министрлігінің, ШҚО білім басқармасының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында колледждің «Негізгі орта білім» мамандығында білім алушы 3-4 курс студенттері мен оқу орнына бекітілген Жарма ауданының 8 мектебі, Абай ауданының екі мектебі “Әбенов атындағы ЖОББМ” КММ, “Шәкерім атындағы орта мектебі” КММ, Бесқарағай ауданының 2 мектебі “Н.Баймүратов атындағы ЖОББМ” КММ және “Жыланды негізгі мектебі” КММ, Семей қаласының 8 мектебінің оқушыларымен жүргізіліп жатқан волонтерлық жұмыс жалғасын табуда. Осындай игі істерімізге сәттілік тілейміз!