Хабарландырулар

Мақсаты: студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру және зерттеушілік қабілеттерін дамыту

Міндеттері:

  • Физикалық приборлармен жұмыс жасауға дағдыланады;
  • Зертханалық тәжірибелер мен дәлелдемелерге көз жеткізеді, құбылыстар мен заңдарды меңгереді.

Ашық іс-шарада жүздеген студент қатысып, зертханалық жұмысты тамашалады. Студенттерге өткен тақырыптар бойынша 3 зертханалық жұмыс жасалды

№1 зертханалық жұмыс «Температуралары әртүрлі суды араластырғандағы жылу мөлшерін салыстыру»

№2 зертханалық жұмыс «Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтау»

№3 зертханалық жұмыс «Электр тізбегін құру. Ток күшін және оның әр  түрлі бөлігіндегі кернеуді өлшеу»

Әр зертханалық жұмыс бойынша студенттер есептеулер жүргізіп, қорытынды жасап отырды. Сондай-ақ bilimland арқылы виртуальды зертханалық жұмыс көрсетілді. Іс-шара соңында студенттер кері байланыс орнатып, теория мен практиканы ұштастыра білді.