КітапханаХабарландырулар

Төрт бөлімнен тұратын сайыстың 1-ші бөлімі оқырмандардың өздерін таныстыруымен басталды, 2-ші бөлімінде таңдаған шығармасын бейнежазбада мәнерлеп оқып, Instagram желісінде жариялау арқылы дауыс жинады, 3-ші бөлімінде оқырман әдеби шығармалардан Cаhoot бағдарламасында, ұяшықтағы сұрақтар, жапсырма құрастыру негізінде сұрақтарға жауап берсе, 4-ші бөлімінде «Тәтті кітап» көрмесіне оқылған кітап желісі бойынша торт пісіріп,  шығарманы қорғады.

Жастарды кітап оқуға ынталандыру, қазақ және әлем әдебиетінің классиктері мен қазіргі заман жазушыларын көпшілікке таныту, көркем әдебиет оқуды насихаттау мақсатында студенттер арасында өткізілген «Жыл оқырманы – 2019» байқауында  БАС ЖҮЛДЕ иегері “Дене тәрбиесі жəне спорт” бөлімінің  3-курс студенті Ербол Жансерік Ерболұлы атанса, І орынды “Қазақ тілі мен əдебиеті” бөлімінің 4-курс студенті Қабдуалиева Айым Қанатқызы, ІІ орынды  “Бастауыш білім беру” бөлімінің 3-курс студенті Жолбарысова Айгерим Болатқызы, ІІІ орынды “Бастауыш білім беру” бөлімінің 1-курс студенті Мавленова Диляра Бекмухамбетовна иеленді. Бейнежазбадағы мәнерлеп оқу сайысында Instagram-да көп лүпіл жинап, “Көрермендер көзайымы” номинациясын “Бастауыш білім беру” бөлімінің 2-курс  студенті Қайранбаева Арайлым жеңіп алды. «Кітап құмар оқырман» номинациясы бойынша «Технология»   мамандығының 2 курс студенті Тумарбеков Бекнұр Тумарбекұлы, «Талғампаз оқырман» номинациясы бойынша “Негізгі орта білім» мамандығының «Негізгі мектептің шетел тілі мұғалімі” біліктілігінде  3-курста оқитын Шубарова Балжан Жұмағалиқызы, «Тапқыр оқырман» номинациясы бойынша”Бастауыш білім беру” мамандығының 1-курс студенті Армия Мадина Мерекеқызы, «Өнерлі  оқырман» номинациясы бойынша “Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының 1-курс студенті Адилов Қанат Мухтарұлы иеленді. Сайыс соңында колледж директоры, ф.ғ.к. Ш. А. Жанаева сайыскерлерді дипломдармен  марапаттап,  кітапсүйер қауымның ең бағалы сыйлығы қазақ әдебиетінің классиктері мен ақын-жазушыларының кітаптарын табыстады.

Кымбатты оқырмандар, кітап бәріңнің де мәңгі сенімді достарың, серіктерің болсын. Кітап қадірін білетін жақсы студенттеріміз көбейе берсін. Еліміздің болашағы, ертеңі үшін барлық қуат-қайраттарынды оқуға, заман талабына сай терең білім алуға жұмсаңдар. Өмірде бар нәрсе өзгереді, тек кітапхана халық қажетіне жарап, ғасырлар бойы жасамақ. Осы құндылағымыз ешқашан жоғалмай келешек ұрпақ асыл қазынамыздан нәр алып, сусындай берсін дегіміз келеді.