Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында Минск, Ереван, Семей, Қостанай, Көкшетау, Астана, Өскемен қалаларының студенттері шет тілдерін оқытуда инновациялық тәжірибе алмасу үшін халықаралық диалог алаңын құрды.
Конференция қызметі үш бағыт бойынша жүзеге асырылады: «Лингвистика», «Аймақтық география» және «Шетел тілін оқыту әдістемесі».
М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледждің 0111000 «Негізгі орта білім» мамандығының 3 курс студенттері «Лингвистика» және «Шет тілдерін оқыту әдістемесі» тақырыптық секциялық отырыстарында өздерінің ғылыми жұмыстарын қорғап шықты:
Сәулетбекова Іңкәр – І орын, «Лингвистика» секциясы, ғылыми жетекшісі Ибраева А.А.
Мұсабек Аяулым– ІІ орын, «Шетел тілін оқыту әдістемесі» секциясы, ғылыми жетекшісі Торыбаева Г.Н.
Ердосов Айдос – «Шетел тілін оқыту әдістемесі» секциясы, – «Жас зерттеуші» номинациясымен марапатталды, ғылыми жетекшісі Дюсебаева А.М.