Колледжішілік чемпионат «Бастауыш сынып мұғалімі», «Мектепке дейінгі тәрбие», «Дене шынықтыру, спорт және фитнес» құзыреттіліктері бойынша ұйымдастырылды.
Чемпионаттың мақсаты:
– аймақтық «Жас мамандар-2019» чемпионатына қатысушыларды іріктеу;
– кәсіптік білім беру бағдарламасына бағдарланған практикалық деңгейді арттыру;
– жұмыс берушілердің нақты сұраныстарына бағдарланған кәсіптік білім беру сұранысының өсуі;
– қатысушылардың кәсіби қызметке дайындық деңгейін, шынайы өзін-өзі бағалауын қалыптастыру;
– игерген жаңа құзыреттіліктерді пысықтау.