18 қыркүйек – Қала күніне орай Орталық алаңда өткен шараға М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің студенттері белсенділікпен қатысты. Орталық алаңда домбырамен, сырнаймен күмбірлетіп күй ойнап, арулар мың бұрала би биледі. Соңынан қазақ әдебиетінің абайтану мектебінің негізін қалаушылардың бірі, шәкәрімтанушы және Шәкәрім шығармаларын алғашқы насихаттаушылардың бірі, әрі жарыққа шығарушы, мұхтартанушы ғалым Қ.Мұхамедхановтың ескерткішіне гүлшоқтарын қойды.
Туған қаламыздың сәні мен салтанатын арттырған “Қала күні” құтты болсын!