Тәжірибе

Семейдің М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде “Жазғы сауықтыру лагеріне дайындық” семинар- практикумы болып өтті. Семинар -практикумның мақсаты – 3 курс білімалушыларының “Жазғы сауықтыру лагеріне дайындық” оқу практикасынан алған білімдерін тәжірибелік тұрғыдан көрсетулеріне, өзара тәжірибе алмасуларына жағдай жасау.
Колледж директоры Ш.А.Жанаеваның және директордың өндірістік тәжірибе жөніндегі орынбасары К.А.Искакованың басшылығымен ұйымдастырылған семинарда “Педагогика және психология” пәндік-әдістемелік комиссия оқытушылары әдістемелік жетекшілік жасады.
“Бастауыш білім беру” мамандығы бойынша білім алып жүрген 31, 32, 301, 310- топ білімалушылары жазғы практикаға дайындықтарын жан – жақты көрсете білді. Атап айтсам, лагерь тәлімгеріне қойылатын талаптар, тәлімгер құзіреттілігі, лагердегі ойын түрлері, лагердегі атаулы күндер, лагерьдің ашылуы мен жабылу салтанаты сияқты іс – шаралардың ұйымдастырылу жолдары мен әдістерін қолдана отырып, кәсіби дағдысы мен құзіреттіліктерін көрсетті. Әдіскерлер З.С.Алканова, А.Қ.Кабимолдина, А.Қ.Нұрланова оқу практикасында машыкерлерге іс-тәжірибенің қыр -сырын ашып, қашықтықтан ұйымдастырудың жолдарын да танытып, тәлімгер портфолиосы жинақталғанын байқатты. Семинар-практикум онлайн форматта zoom платформасында өткізіліп, барлық санитарлық-гигиеналық талаптар сақталуы қадағаланды. Машықкерлердің алдағы педагогикалық іс-тәжірибелеріне сәттілік тілей отырып, кәсіби біліктілігін көрсетеді деген сенімдеміз!