Жеңіс күні – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. 9-мамыр -Жеңіс күні қарсаңында М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі, «Шет тілі» бөлімінің студенттері оқу орнымыздың оқытушыларымен «Соғыс менің тағдырымда» атты әңгіме-сұхбат жүргізді. Колледж оқытушылары Нүргүл Сағымбайқызы мен Гулмира Кабаевна Ұлы Отан соғысына қатысқан әкелері мен аталарының ерлігін, өмір жолын әңгімелеп берді. Отан қорғаушылар жасаған ерліктер мәңгілік және уақыт ағысымен жоғалып кетпейді. Сол бір қаһарлы соғыс жылдары алыстаған сайын оның маңызын болашақ ұрпақ ерекше ұғынуы керек. Сондықтан да халық ұзақ күткен Ұлы Жеңісті жақындатуда майданда да, тылда да жанқиярлықпен күреске түскендердің барлығы айрықша құрметке ие, қаза тапқандардың рухына тағзым етеміз.