Тәрбиелік жұмысХабарландырулар
Темекінің денсаулыққа зиян екені баршамызға аян. Әсіресе, бұл жат қылықтан жастарымыздың бойын аулақ ұстауға тырысуымыз керек. Осыған орай, М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде Халықаралық темекі шегумен күрес күніне орай «ӨЗ ДЕНСАУЛЫҒЫҢДЫ ОЙЛА, ӨКПЕНДІ УЛЫ ТҮТІННЕН ҚОРҒА, ТЕМЕКІДЕН БАС ТАРТ!» атты акция өткізілді.
Мақсаты: студенттерге темекі қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардын барынша аулақ болуға шақыру. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, жат қылықтан аулақ болуға тәрбиелеу.
🚭Бұл шараға Y-PEER ресурс орталығының еріктілері жұмыла атсалысты. Акция барысында «Темекіден аулақпыз!» деген студенттер шылым шегудің зияны туралы қойылған сұрақтарға белсене жауап берді. Темекіден бас тартқан және сұрақтарға дұрыс жауап бергендерге тәтті кәмпиттер ұсынылды. Сондай-ақ студенттерге темекінің зияны туралы мәліметтер жазылған буклеттер таратылды.