ТәжірибеТәрбиелік жұмыс
2020-2021 оқу жылында 43 топ студенттері ,мамандығы: «Бастауыш білім беру»,біліктілігі: «Шет тілінен бастауыш білім беру мұғалімі» 15.09-25.12.20 аралығында байқау және бақылау іс-тәжірибесінен өтті. Байқау және бақылау іс-тәжірибесінің мақсаты: Машықкерлерді шет тілінен бастауыш білім беру мұғалімінің педагогикалық қызметіне дайындау. Міндеттері:
-машықкерлерде оқу үрдісін бақылау және оның нәтижелерін талдау біліктерін қалыптастыру;
-шет тілінен бастауыш білім беру мұғалімінің оқу жұмысын жоспарлау жүйесі мен мазмұнын зерттеу;
– машықкерлердің сабақты өткізудің әдіс – тәсілдері мен қаруландыру және бастауыш сынып оқушыларының оқу қызметтеріне басшылық жасау, олардың жас және дара ерекшеліктерін білу.

Педагогикалық іс-тәжірибені қорытындылау барысында топ әдіскерлерінің қатысуымен(Секенова А.М.,Дюсебаева А.М.,Қалиева С.С)топ машықкерлері конференция өткізді.Қашықтан оқу жағдайына байланысты машықкерлер қала мектептерінен және аудан,ауыл мектептерінде қашықтан және штаттық режимде іс-тәжірибеден өтті. Мектеп әкімшілігімен келісілген түрде байқау тәжірибесінің кестесі құрылып, ағылшын тілі және әдебиеттік оқу пәндері бойынша бастауыш сыныптарға машықкерлер бекітілді. Машықкерлер аптаның белгіленген әр сейсенбі,жұма күндері сабақтарын әзірлеп, әдіскерлер тарапынан әдістемелік кеңес ала отырып онлайн және офлайн түрде сабақ өткізді. Ағылшын тілі пәні бойынша әр студент 10 сағат,таңдау пәні бойынша 4 сағаттан сабақ берді.Конференция барысында машыккерлер бірнеше бағыттар бойынша есеп берді.Жаңартылған білім беру мазмұнына сай құрылған «үздік»деп бағаланған ҚМЖ құрылымына сипаттама берді. «Балапан» арнасынан өткізілетін сабақтарды талдай отырып,тиімді әдіс-тәсілдерді ұсынды.Видео сабақ түсіруде қолданылатын бағдарламалардың ерекшеліктеріне тоқталды.Волонтерлік бағыт бойынша оқушыларға үй тапсырмасын орындауда көмек көрсетіп,күрделі тақырыптарды меңгертуде көмектескендері жайлы айтап кетті.Іс-тәжірибенің жетістіктері мен қоса қашықтық режимінде тәжірибеден өтудегі қиындықтарға да тоқталды.Конференция соңында әдіскерлер машықкерлердің іс-тәжірибе кезіндегі жұмыстарына анализ жасап, алдағы уақытта өтетін мемлекеттік дипломалды іс-тәжірибелерінен сәтті өтулеріне тілектестігін білдірді.  Арай Секенова.