1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні қарсаңында М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің педагог-психологы Ж.М.Бигазиеваның ұйымдастыруымен колледжде «ЖИТС белгілері және оның алдын алу» деген тақырыпта онлайн форматта дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу шараларын студенттер арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Салауатты өмір салты» орталығының валеолог-дәрігері Р.Д.Далелханов, «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес» орталығының валеолог-дәрігері Д.Д.Тукеева және эпидемиологтың көмекшісі Ғ.С.Муқашева мен студенттер қатысты. Шара барысында аурудың алғашқы және негізгі белгілері, одан сақтану жолдары, аурудың алдын алу, ЖИТС-ның таралуы, Шығыс Қазақстан облысында және аймақтағы АИТВ-ның эпидемиологиялық статистика жағдайы туралы кеңінен ақпарат берілді.