Әдістемелік қызметХабарландырулар

Мерзімі: 27 қараша 2018 жыл  сағат 14:00-де

Ұйымдастырушы: ШҚО ТжКББ және КД орталығы, М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі

Байқаудың мақсаты:

ҚР Президенті, Елбасы, Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың өнегелі өмірін, қайраткерлік тұлғасын, шығармашылық еңбектерін түсіндіру, талдау, насихаттау арқылы жастардың бойындағы отаншылдық, іскерлік, ізденімпаздық, шешендік қабілеттерді дамыту.

22 қарашаға дейін жүргізілген іріктеу кезеңінде 17 колледждің студенттері «Тәуелсіздік және Елбасы» тақырыбындағы шығармашылық жұмыстарын ұсынып (эссе, шығарма, жоба т.б.), екінші кезеңге 11 студент өтті.

Байқау төрт кезеңнен тұрады:

Бірінші кезең«Елбасы еңбектері – ел дамуының бағдары» деп аталды. Бұл кезеңде сайысқа қатысушылар өздері оқыған, ерекше бағалайтын Елбасының кітаптары, мақалалары туралы баяндап, сол еңбектердің бірінен үзінді жатқа айтты. Қатысушының Елбасы еңбектерімен терең таныстығы, меңгеру деңгейі, жатқа айту шеберлігі сыналды. Әр қатысушыға 5 минут уақыт берілді.

Екінші кезең – «Елбасының қанатты сөздері – ақылдың кені» деп аталды.  

Бұл кезеңде танымдық-сайыс кешіне қатысушылар Н.Ә.Назарбаевтың  афоризмдерін неғұрлым көбірек жатқа айтып, таңдаған бір қанатты сөзінің мәнін, мазмұнын ашып беруі тиіс болды. Қатысушының шешендігі, өзіндік ой-пікірі, афоризмді нақты дәлелдер негізінде тұжырымды, мазмұнды қорғай білуі сыналды. Әр қатысушыға 5 минут уақыт берілді.

Үшінші кезең – «Елбасы мұраты – ел бақыты» деп аталды.Бұл кезеңде қатысушыларға еліміздің стратегиялық бағдарламалары және Президент Жолдауы бойынша сұрақтар қойылып, сайысқа қатысушылардың сұраққа шапшаң, нақты жауап беруі, білімділігі, тапқырлығы, ойының ұшқырлығы сыналды.

Төртінші кезең – «Елбасы жолы-өнеге» деп аталды. Бұл кезеңде сайысқа қатысушылар Елбасының өнегелі өмірін, елі үшін атқарған қызметін бағалай отырып  «Елімнің дамуына менің де қосар үлесім» тақырыбындағы жоба ұсынысымен көпшілікті таныстырады. Қатысушының тақырыпты аша білуі, аудитория тарапынан қызу қолдау табуы бағаланады.

Қатысушылардың төрт кезеңдегі нәтижелері бойынша байқау жеңімпазы мен жүлдегерлер анықталады. Байқаудың талаптарына сәйкес, ең көп ұпай санын жинаған қатысушы жеңімпаз деп саналды. Байқау жеңімпазы мен жүлдегерлер, қатысушылар дипломдармен, алғыс хаттармен  марапатталды.

І орын – Әскербеков Қуаныш («Құрылыс колледжі» КМҚК)

            ІІ орын – Төлеуғазыев Едіге («Геологиялық барлау колледжі» КМҚК)

            ІІІ орын – Саметова Жансая (Жақия Шайжүнісов атындағы электронды колледжі)

            ІІІ орын – Мейрамбеков Сұлтан («М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі»

КМҚК)