1 қыркүйек білім күні Семей қаласының М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі «Алғашқы қоңырау» салтанататты жиынын өткізді. Салтанатты жиынға 1 курс студенттері мен ата-аналары және колледж ұжымы қатысты. Колледж директоры ф.ғ.к. Ш.А.Жанаева білім күнімен жиналған қауымды құттықтай келе, Қазақстан Конституциясы мерекесі қарсаңында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Жомарт жүрек», «Жылдың үздік ұйымы» номинациялары бойынша марапаттаған қала әкімі Е.Б.Сәлімовтың құттықтауын жеткізіп, колледж ұжымына алғысын білдірді.
Колледждің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысып, білім мен тәрбиені егіз алып жүрген үздік ондықтағы студенттеріміз колледж директорының алғыс хаттымен марапатталды.
Алаштың білім ордасына алғаш қадам басқан студенттеріміздің алғашқы қоңырауын колледжіміздің ардагер ұстазы Т.Ғ.Нұрахметқызы соғып берді.
Колледж ұжымы мен студенттерін жаңа оқу жылымен құттықтаймыз!