Осы мерекеге орай, Семей қаласы “М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің” КМҚК “Әлеуметтік-экономикалық” ПӘК оқытушылары №8 балалар үйіне барып, балалар үйіндегі тәрбиеленушілерге қолдау жасап, әдеби танымдық кітаптар, ойыншықтар мен тәттілер тарту етті. Балалар үйіндегі жанары жасты, жүрегі жүдеу бүлдіршіндерді мерекелерімен құттықтап, қуаныштарымен бөлісіп қайтты.
Бұл игі іс жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған қазақ деген халық екенімізді жан-тәнімен түйсінген жандардың адамшылық қасиеті. Ұлттың ұрпағын тәрбиелеп отырған колледж оқытушылары тарапынан жалғасын табады деп сенеміз.