Тәрбиелік жұмысХабарландырулар

27 сәуір күні М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде онлайн форматта 1-курс студенттерінің ата-аналарымен «Студенттердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және суицидтің алдын алу» тақырыбында жиналыс өткізілді.
Жиналыс барысында колледж директоры, ф.ғ.к. Ш.А.Жанаева «Оқыту сапасын арттыруда білімді бақылау мен бағалаудың маңызы» тақырыбында баяндама оқып, ата-аналарға 1-курс студенттерінің базалық білімін тексеру мақсатында алынған бақылау жұмысының қорытындысымен таныстырды.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары М.Ш.Тоқтарбек оқу процесін ұйымдастырудағы өзгерістер және аралық аттестацияны ұйымдастыруға қойылатын талаптар туралы ақпарат бере отырып, топтардың білім сапасының салыстырмалы көрсеткішін ата-аналар назарына ұсынды.
Сонымен қатар директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Х.Хауанова «Жасөспірімдер арасындағы суицидтің мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында баяндама оқып, ата-аналарды суицид жағдайына бейім тұлғаның мінез-құлықтық ерекшеліктері туралы ақпаратпен таныстырды. Суицидтік әрекетті болдырмау үшін ата-аналарға өз баласымен жұмыс жасауы барысында басты назарда ұстауы тиіс ұсыныстар мен кеңес берді.
Табысты студент, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру мақсатында оқу орнымыздың оқу-тәрбие үрдісі аясындағы іс-шаралар ата-аналар тарапынан да қолдау тауып, нәтижелі жұмыстар атқарылады деген сенімдеміз!