25.01.2021ж. күні М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің 1 курс студенттері жатақханаға қабылданды. Студенттерді жатақханаға орналастыру белгіленген санитарлық нормаларды сақтаумен, жатақханада тұру Ережесіне сәйкес және Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты шектеу шаралары кезеңінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдардағы 6-қосымшаға, Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Жатақханаға орналасу үшін, студенттер медициналық қараудан өтіп, дәрігердің медициналық анықтамасын алды. Студенттерге жатақхананың ішкі тәртіп ережелері таныстырылып, санитарлық- эпидемиологиялық талаптарды сақтау керектігі ескертілді.