Алғыс білдіру, рахмет айту, адамдарды сыйлау және мейірімді болу әрбір адамға тән қасиет. Бірақ көп жағдайда алғыс айтуды ұмытып немесе оған ерекше көңіл бөле бермейміз. Психолог ғалымдардың айтуынша, алғыс сөздерінде бір сиқырлық бар — олар арқылы адамдар арасында жақсы қатынас орнатылып, адамның өзін-өзі бағалауы, сыйластық сезімдері оянады.
Көктемнің алғашқы күні алғыс айту күні болғандықтан, М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің жатақхана тұрғындарына «Ризамын» тақырыбы бойынша психологиялық тренинг өткізілді.
Тренинг барысында студенттер бір-біріне жылы сезімдерін, алғыстарын білдірді. Студенттерге дайындалған «Рақмет саған…», «Анама алғыс айтамын…», «Әлем, саған шексіз ризамын…», «Мен ұстазыма рахмет айтамын…» карточкалар арқылы сөйлем жалғастырып, тағы басқа жақсы сөздері жүректен жүрекке шын ниетпен жеткені көрініп тұрды.
Қызықты ойындар студенттердің белсенділігін арттырып, басқа студенттермен өз пікірлерін талқылай алды. «Өмір құндылықтары» атты қызықты аукцион-ойынына белсене қатысуына мүмкіндік болды, олар өз өмірлеріндегі құндылықтарды бағалай білді және оларды қалай бағалайтындығын айтты. Тренинг соңында студенттер Қарақат Әбділдинаның «Ризамын саған» әнін бірге шырқады.